КГУ "Чеховская СШ"
Ресми интернет-ресурс

«Зерде» аудандық ғылыми жобалар байқауы: жас зерттеушілерімізге алғыс білдіреміз!

Previous Next

«Зерде» аудандық ғылыми жобалар байқауы: жас зерттеушілерімізге алғыс білдіреміз!

Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары ғылым әлеміне алғашқы қадамдарын сәтті бастады! Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Зерде» аудандық ғылыми жобалар байқауына «Чехов орта мектебі» КММ-нің өрімдей жас дарындары қатысып, өздерінің білімге, ізденімпаздыққа және зерттеушілікке деген ерекше қызығушылықтарын көрсетті.

Байқауда мектеп намысын абыроймен қорғаған жас зерттеушілеріміз:

  • Оспанжан Асылжан – 2 «Ә» сынып оқушысы (Ғылыми жетекшісі: Олжабаева Айнұр Ибраевна);

  • Нұржан Камила – 3 «Ә» сынып оқушысы (Ғылыми жетекшісі: Исаева Майра Сапарбековна).

Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар ұжымы ғылыми сайыста белсенділік танытып, білімге деген құштарлықтарын байқатқан кішкентай зерттеушілерімізге шынайы алғыс білдіреді!

Сондай-ақ оқушылардың танымдық қабілетін ұштап, ғылыми ізденістеріне бағыт-бағдар берген білікті ұстаздар — Олжабаева Айнұр Ибраевна мен Исаева Майра Сапарбековнаға қажырлы еңбектері мен шәкірт тәрбиелеудегі жоғары жауапкершіліктері үшін ерекше алғысымызды айтамыз.

Жас ғалымдарымыздың алғашқы қадамдары құтты болып, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! Ғылымға құштар жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы! 🇰🇿✨

Записаться на прием