МЕКТЕБІМІЗДЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
МЕКТЕБІМІЗДЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мектебімізде оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция аға инспекторы, полиция капитаны С.Б. Жапаров пен аудандық ПБ қызметкері С.Н. Амирбеков оқушылармен кездесті. Олар жол қауіпсіздігі ережелері, жаяу жүргіншілердің міндеттері, жолдан өту тәртібі және жол бойындағы қауіпсіздік шаралары туралы әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жолда мұқият болу және қауіпсіздік талаптарын орындаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырып, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Қауіпсіздік ережесін сақтау – әр адамның міндеті!