АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Мектебімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы (АПҚО) аясында ата-аналармен кезекті кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру, отбасындағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру, ата-аналарға баланың жас ерекшеліктеріне сай қолдау көрсетудің тиімді тәсілдерін түсіндіру және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиын барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
-
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі;
-
Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
Эмоционалдық қолдау көрсету, өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынас орнату.
Кездесу барысында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты және бала тәрбиесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша пікір бөлісті.
Отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы – бала тәрбиесінің берік негізі!